«Мен өсімдік майына салынатын баж салығы төмендету туралы қаулыға қол қойдым» — деді Кәрім Мәсімов.
Жиын барысында еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовтың түсіндіргеніндей, бұл қаулыға сәйкес өсімдік майын елімізге енгізуге салынатын импорттық кедендік баж салығы 20%-тен мүлдем алып тасталынды. Бұған қоса аталған қаулыға сай, «бүгінгі күннен бастап өсімдік майын және осындай майлардың тұқымын ел аумағынан шығаруға келесі жылдың наурыз айына дейін тыйым «.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовтың өткен аптадағы үкімет отырысында хабарлауынша, «еліміздің өз ішінде өндірілетін күнбағыс майы сұраныстың 70%-ін қамтамасыз етеді, сонымен бірге, ел ішіндегі май нарығы импортқа салынатын 20 проценттік кедендік баж салығымен қорғалған. «Майдың қазіргі бағасы сақтала берсе, осы баж салығын төмендету мәселесін қарастыру қажет деп санаймын», -деді Ғ. Оразбақов.
Министрдің пікірінше, Ресейде «өнім өндірушілердің жасанды түрде тапшылық туғызу және оның бағасын көтеру үшін көтерме сауда қоймаларында өсімдік майын сатпай, қор жасау» деректері анықталған. «Бұл жайттың Қазақстандағы ахуалға да әсер етуін жоққа шығаруға болмайды, өйткені, импорттың 60% жуығы Ресейдің үлесіне тиеді», — деді ол.
Еліміздің индустрия және сауда министрі облыс әкімшіліктері қаржы полициясымен бірлесе отырып, «Қазақстанда да осындай деректе болу мүмкіндігін анықтау жұмыстарын» жүргізуге тиіс деген пікірде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті