Қазақстанда өткен тәулікте 739 адам коронавирус жұқтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өткен тәулікте 739 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 739 адам коронавирус жұқтырды

Бір тәулікте індетке шалдыққандар саны бойынша Атырау облысы антирейтингіні бастап тұр. Жүз жиырма төрт адам вирус жұқтырған.

  • 29 Желтоқсан 2020
  • 99
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда өткен тәулікте 739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы — 70
  • Алматы қаласы — 80
  • Шымкент қаласы — 2
  • Ақмола облысы — 55
  • Ақтөбе облысы — 2
  • Алматы облысы — 66
  • Атырау облысы — 124
  • Шығыс Қазақстан облысы — 51
  • Жамбыл облысы — 18
  • Батыс Қазақстан облысы — 45
  • Қарағанды облысы — 39
  • Қостанай облысы — 61
  • Қызылорда облысы — 1
  • Маңғыстау облысы — 4
  • Павлодар облысы — 58
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 60
  • Түркістан облысы — 3

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 153 199.


Еске сала кетсек, елде 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін шектеу шаралары күшейтілді.

Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пунктерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне назар аударды.

Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.