Қазақстанда өткен тәулікте өрт кезінде екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өткен тәулікте өрт кезінде екі адам қаза тапты

Қазақстанда өткен тәулікте өрт кезінде екі адам қаза тапты

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәулікте өрт кезінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Қазан 2007
  • 386
Фото - Caravan.kz

Мекеме мәліметіне сәйкес, Алматы облысының Үштөбе қаласында жеке меншік жер үйдегі өртті сөндірген кезде 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт аумағы 5 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің бес адамы жұмылдырылды.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай облысының Қарамеңді ауылында 2 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 77 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті