Атап айтқанда, Шығыс-Қазақстан облысында Өскемен- Рахмановские ключи тас жолында 12-қыркүйекте «Ауди» көлігінің 42-жасар жүргізушісі «ВАЗ-2103» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ-2103» көлігінің жүргізушісі оқиға болған жерде мерт болып; «Ауди» көлігінің екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар, Қарағанды облысында Алматы — Екетеринбург тас жолында 12-қыркүйекте 20.15-те «Ауди» көлігінің 35 жасар жүргізушісі «Мерседес» автовозымен соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға болған жерде көз жұмды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті