Қазақстанда өткен тәуліктерде төрт адам суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өткен тәуліктерде төрт адам суға батып кетті

Қазақстанда өткен тәуліктерде төрт адам суға батып кетті

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәуліктерде төрт адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Шiлде 2008
  • 414
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Алматының Әуезов ауданында Сайран өзеніне 30 маусымда 17 сағат 30 минутта 38 жастағы ер адам батып кетті; Ақмола облысы Есіл ауданы Игілік ауылында Қызылсу өзеніне 30 маусымда сағат 20.00-де ПЧ-9 қарауылының бастығы, ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің аға лейтенанты суға батып кетті; Атырау облысы Ендір ауданы Ендір ауылында Орал өзеніне 30 маусымда сағат 08.00-де 38 жастағы ер адам суға батып кетті; Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Восточный ауылында Семипалатинка өзеніне 30 маусымда 11 сағат 45 минутта 42 жастағы ер адам суға батып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті