Қазақстанда өткен тәуліктерде үш өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өткен тәуліктерде үш өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Қазақстанда өткен тәуліктерде үш өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәуліктерде үш өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2008
  • 386
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында 17 тамызда сағат 11.27-де 6 қабатта желдеткіш камераның басқару қорабында электр сымының қысқаша тұйықталуынан 0,5 шаршы метр аумақта өрт шықты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді.

Ақтауда «МАЭК» АҚ аумағында (2-ЖЭО) 17 тамызда сағат 13.04-те 150 шаршы метр аумақта шөп өртенді. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының көмегімен 13 сағат 45 минутта сөндірілді.

Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы Бәйдібек ата ауылында 17 тамызда сағат 03.29-да далада өрт шықты. Өрт салдарынан 5 гектар дала массиві , 3 дана К-700 тракторы, 3 «Нива» комбайны, металл вагон, МТЗ-80 тракторы, 2 текше метрлік жанармай ыдысы өртенді. 1000 гектар егістік алқабы сақталып қалды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының көмегімен 7 сағат 22 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті