"Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 224 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы облысында — 87, Алматы қаласында — 82, Жамбыл облысында — 71, Шығыс Қазақстан облысында — 67 бала дүниеге келді", — делінген ведомство мәліметінде.