Қазақстанда пайдалы қазба өндіру салығы барлық металл түрлерін өндіруге енгізіледі - Ерғожин - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда пайдалы қазба өндіру салығы барлық металл түрлерін өндіруге енгізіледі - Ерғожин

Қазақстанда пайдалы қазба өндіру салығы барлық металл түрлерін өндіруге енгізіледі - Ерғожин

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда пайдалы қазба өндіру салығы барлық металл түрлерін өндіруге енгізіледі. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Шiлде 2008
  • 793
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда өндірілетін барлық металл түрлерінен пайдалы қазбаға салынатын салық алынады», — деді Д. Ерғожин.

«Есептеулер іс жүзінде аяқталды. Кеше мен металлургтармен бірге айқайласып, шуылдасып, түнгі сағат 12-ге дейін отырдым. Ставкалар дәлізі әртүрлі, ставкалар әртүрлі, бірақ, дұрыс ақша жиналатынына сенімдіміз, қазір барлық барлық сектор бойынша орташа санды атау үшін барлық металл түрлері бойынша есептеп жатырмыз», -деді қаржы вице-министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті