Қазақстанда пәтер жалдау құны арзандай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда пәтер жалдау құны арзандай бастады

Қазақстанда пәтер жалдау құны арзандай бастады

 

  • 31 Қазан 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz

Krisha.kz талдау қызметінің хабарлауынша, пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру құны мониторинг жүргізілген 13 қаланың 8-інде арзандаған. Қазан айында орташа жалға беру құны қыркүйекпен салыстырғанда 2,2% төмендеген, деп хабарлайды Kazinform.

Қазан айындағы бағаның құлдырауы жаз мезгілінен басталған.

Бағаның ең қатты өсуі шілде-тамыз аралығына келді. Ол уақытта ай сайынғы жалға алу құны 4–7 % өсті.

Бір ай ішінде пәтер жалдау құны Ақтөбеде — 7%, Петропавлда — 6%, Ақтау, Қостанай, Көкшетауда — 5%, Алматы, Қарағандыда 4% және Астанада — 1% құрады.

Ал Павлодар, Орал, Өскеменде баға біршама өсті.

Пәтер жалдау құны ең қымбат қала — Алматы. Онда орташа алғанда шаршы метр жер 6 мың теңге болады. Ең арзан баға Ақтауда. Онда шаршы метріне 2632 теңге алады.

Бағаның өсу қарқынын қаңтар айынан бастап алып қарайтын болса, 10,3% қымбаттаған.