Жарияланды: 440

Қазақстанда пияз бен қырыққабат қымбаттады

Қазақстанда пияз бен қырыққабат қымбаттады

Қазақстанда пияз бен қырыққабат қымбаттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде сүттің де бағасы 9,5 пайызға көтеріліп отыр. Ал ең арзан қырыққабат Алматыда, келісі 82 теңгеден сатылуда. Таразда 95, Талдықорғанда 99 теңгеден тұр. Ақтауда тіптен қымбат, 183 теңге. Атырау мен Жезқазғанда 140 теңгеден асып жығылады.

Ал пияздың келісі Жезқазғанда 129 теңгеден болса, Атырау мен Ақтауда 126 және 125 теңге тұрады. Ең арзан пияз Таразда, келісі 91 теңгеден саудаланып жатыр. Түркістанда 95, Алматыда 99 теңге шамасында.

Бұл өнім түрлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына жатады. Жыл басынан бері олар 9,7 пайызға қымбаттаған. Қымбатшылық әсіресе Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Ақтөбе және Көкшетауда қатты сезіліп тұр.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін