Мұндай қаулыны Ортталық сайлау комисссиясы жұмада отырыста қабылдады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
"Халықаралық бақылаушы сауалнамасының мәтіні бекітілді, халықаралық бақылаушыларды аккредитациялау 20-сәуір күні аяқталады деп белгіленді”, делінген хабарламада.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық бақылау институты 26-ақпан күні ашылды, деп атап өтті ОСК баспасөз қызметінен.