Жарияланды: 540

Қазақстанда қала тұрғындарының 52,8 проценті компьютермен жұмыс істеуге машықтанбаған - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ

Қазақстанның кәмелеттік жатқа жеткен қала тұрғындарының 52,8 проценті, яғни, 2,2 миллион адам дербес компьютермен жұмыс істеуге мүлдем машықтанбаған.

Бұл - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ мен ActisSistemsAsia компаниясының тапсырысымен 2003-жылдың мамырында әлеуметтік зерттеулер жөніндегі "БРИФ" Агенттігі жүргізген зерттеу нәтижесінде мәлім болды. 41,8% қала тұрғындарының 21,6% , басқаша айтқанда 818,6 мың адам компьютер пайдалануға жаңадан машықтанып жүрсе, 13,6% немесе 515,2 мың адам негізгі кеңселік бағдарламаларды меңгерген қарапайым тұтынушы болып саналады. 5,3% немесе 201 мың адам арнаулы бағдарламалармен жұмыс істейтін кәсіби тұтынушылар. Сұрау салуға атсалысқандардың 10,2% немесе 50 мың адам өздерін компьютерлік бағдарламаларды өз бетімен жасай алатын кәсіби мамандарға , яғни, программистер қатарына қосқан. Аталмыш әлеуметтік зерттеуге еліміздің 100 мыңнан артық тұрғыны бар 19 қаласынан 1200 респондент жауап берген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть