Қазақстанда қан айналымы жүйесі дертінен болатын өлім-жітім 2 есеге қысқарды - С.Қайырбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қан айналымы жүйесі дертінен болатын өлім-жітім 2 есеге қысқарды - С.Қайырбекова

Қазақстанда қан айналымы жүйесі дертінен болатын өлім-жітім 2 есеге қысқарды - С.Қайырбекова

2007 жылдан бері Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруынан болатын өлім-жітім 2 есеге қысқарды.

  • 28 Ақпан 2014
  • 1064
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «Қазақстан — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

«Кардиохирургия мен кардиологияны дамыту жөніндегі бағдарлама қабылданған 2007 жылы елімізде қан айналымы жүйесі ауруынан 81 мың 793 адам, ал өткен жылы 36 мың 381 адам қаза тапты», — деді министр.

С.Қайырбекованың атап өтуінше, жүрек қан-тамырлары жүйесі дертін ерте кезеңнен анықтау  және оларды емдеу бағытындағы шаралар бұл ауруға шалдыққандардың жалпы санының өсуіне қарамастан өлім-жітімнің біршама азаюына мүмкіндік берді. Бұған қоса халық арасында өлім-жітімнің жалпы деңгейі төмендеп, өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа дейін артты. Бұл 2050 жылға қарай Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы Елбасы тапсырмасына сай 84 жасқа жеткізуге мүмкіндік береді.