Жарияланды: 800

Қазақстанда «Қазақстан Республикасы: БАҚ және саясат» оқу құралы жарық көрді

Қазақстанда «Қазақстан Республикасы: БАҚ және саясат» оқу құралы жарық көрді, деп хабарлады оқулықтың авторы, саясат ғылымдарының докторы, РФ саяси ғылымдар академиясының мүшесі Роза Нұртазина.

«Оқу құралында республикадағы БАҚ-тың даму үрдістерінің маңызды проблемалары, БАҚ-тың саяси схемалардағы тұжырымдамалары, мемлекет пен БАҚ қатынастары қаралады. Саяси құрылым мен қоғамның өзара қатынастарының проблемалары, БАҚ-тың әлеуметтік институт ретіндегі қызметі, қоғамдық диалогқа әсер етуші коммуникативтік тәжірибесі сараланады», - деді Р.Нұртазина жұма күні ҚазТАГ-қа. Басылымда толеранттылық, транспаренттілік, дәстүрлер мен сенім форматындағы БАҚ роліне, сондай-ақ, Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті аясындағы ақпараттық қауіпсіздікке де назар аударылды. Автордың айтуынша, оқу құралы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай басып шығарылды. Ол журналистика мен саясаттану факультеттерінің студенттерінің, зерттеушілер мен БАҚ өкілдерінің арасында үлкен сұранысқа ие болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін