Жарияланды: 2600

Қазақстанда "Қазіргі заманғы статистикалық ғылымның жетістіктері : теория және оны пайдалану " деп аталатын бірінші халықаралық статистикалық конференция өтеді

2003-жылдың 9-12 маусымында Алматыда "Қазіргі заманғы статистикалық ғылымның жетістіктері : теория және оны пайдалану " деп аталатын бірінші халықаралық статистикалық конференция өтеді. Елімізде алғаш рет өткізілгелі отырған

бұл конференцияны КИМЭП-тің зерттеулер және даму жөніндегі Орталығы ұйымдастырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне КИМЭП-тен хабарлады. Аталмыш алқалы жиында статистиканың іргелі математикалық әдістеріне қатысты проблемалар мен оларды кәсіпкерлік, медицина, биология, статистика және ақпараттық қауіпсіздік салаларында тәжірибе жүзінде пайдалану мәселесі талқыланады. Статистиканың қолданбалылық маңызын назар төріне алу- Қазақстан Республикасында статистика ғылымының дамуына тың серпін беріп, отандық ғалымдар мен практиктердің халықаралық кәсіби байланыстарының нығаюына септігін тигізеді,- делінген хабарламада. Конференцияға Германия, Израиль, Үндістан, Иран, Канада, Корея, Оман, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Франция, Швейцария және Жапония тәрізді 14 елдің статистика саласындағы жүзден астам майталман мамандары қатысады деп күтілуде. Конференцияға Алматы әкімшілігі, Қазкоммерцбанк, Алматыдағы халықаралық әйелдер клубы, Фараб туристік агенттігі мен КИМЭП демеушілік жасайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть