Жарияланды: 770

Қазақстанда ҚазТАГ атты халықаралық ақпараттық агенттік жұмыс істей бастады

Алматы. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ҚазТАГ- қазақ телеграф агенттігі атты халықаралық ақпараттық агенттік өз жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін ҚазТАГ құрылтайшысы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейтқазы Матаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігі мемлекеттік органдарда ресми түрде тіркелген. Агенттік қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Жаңа БАҚ қоғамдық-саяси жаңалықтарды таратумен шұғылданбақ. Ол осы орайда Қазақстанда жұмыс істеп жатқан ақпараттық агенттіктерге ризашылық білдірді. "Біз олармен бәсекелескелі отырған жоқпыз, біз олардан үйренгелі отырмыз. Ақпараттар жан-жақты жария етілуге тіис деп санаймын. Біз өз тілшілерімізге қандайбәр деректің екінші жағын да міндетті түнде ашып көрсету жөнінде міндет қойып отырмыз. Тағы бір айта кетерлігі, бізде тыйым салынған тақырыптар мен жабық тұлғалар деген болмайды", - деді С. Матаев. "Бұл агенттікті құруда билікке де, қандайбір олигархтарға да, қандайбір қаржылық топтарға да кіріптар болған жоқпыз. Агенттік екі қоғамдық бірлестіктің өз қаржысы мен несиелік қаржыға құрылып отыр",- деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін