Жарияланды: 580

Қазақстанда қолданылып отырған барлық заңдар корпусына зерттеу, талдау жүргізу қажет - сарапшы

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда қолданылып отырған барлық заңдар корпусына зерттеу, талдау жүргізу қажет. Бұл туралы бүгін "Қазақстанның ұлттық заңнамасы: одан әрі даму жолдары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Қазақстан Республикасының Заңнама институтының жетекші ғылыми қызметкері Ғайрат Сапарғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"1996 жылдан бері елімізде 1,5 мыңдай заң қабылданды. Оларға өзгерістер мен толықтырулар ұдайы енгізіледі. Бұл - қабылданған заңдар уақыт талабына сай болмай, сыннан өтпей жатыр деген сөз", - деді ғалым. Сонымен бірге, оның айтуынша, жаңа Конституция қабылданған соң "Әкімшілік процедуралар туралы" заңға да өзгерістер енгізу қажет. Ал еліміздің әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетовтың айтуынша, бүгінгі күні құқықтық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдаудың маңызы артты. "Бұл бағдарламаны жасау заң шығару жұмысын заңдарды жылдамдата қабылдау режимінен бағдарламалық процесске айналдыруға алып келеді. Бағдарлама заңнамаға орта мерзімді перспективада қандай өзгерістер енгізу қажеттігі жөнінде айқын жол сілтемек", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін