«Қазақстанның банк жүйесі шетелдерден қаржылық ресурстарды шектеусіз тарта алғандықтан, Қазақстан бизнесінің қаржы ресурстарына деген барлық сұранысы осындай несиелердің есебінен толық қанағаттандырылып келді. Сол себепті үкімет қор биржасын дамыту туралы мәселе талқылаған кезде көпшілігі бұл ұсынысқа күмәнмен қарайтын. Өйткені, осы секторды дамытудың осындай өткір қажеттігін сезінген жоқ», — деді премьер. «Бірақ былтырғы тамыздан кейін ахуал біршама өзгерді, қазір Қазақстанның көптеген компаниялары үшін ел ішіндегі және шетелдердегі капитал нарығына қатысу қызғылықты бола түсті», — деді ол.
«Яғни, бір жағынан Қазақстан үшін қаржылық дағдарыс үлкен қатер болса, екенші жағынан қазір ол Қазақстан компанияларын ел ішінде нарықтар мен капитал нарықтарын дамыту бағытында және сыртқы нарықтарға шығу бағытында алға жылжуға итермелеуде», -деді Кәрім Мәсімов.
«Сол себепті меніңше, Қазақстанда қор биржасының белсенді дамуын екі-үш жылдан кейін байқауға болады «, — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті