Қазақстанда сәбіз бен картоп қашан арзандайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сәбіз бен картоп қашан арзандайды?

Қазақстанда сәбіз бен картоп қашан арзандайды?

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз бағасын қашан төмендейтінін болжады.

  • 13 Шiлде 2021
  • 24
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Сәбіз мәселесіне келсек, көршілес Өзбекстанда да осындай проблема болды. Шын мәнінде, бізде қалыптасқан бағаның бір бөлігі біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей Федерациясы да сұраныс тудырды. Қазіргі уақытта картоптың бағасы өзгергенін және арзандап жатқанын көріп отырмыз. Күзде де айтарлықтай бәрнеше есеге төмендейді деп күтеміз. Бірақ биыл сәбіз бойынша өнім жетіспеушілігі барлық жерде байқалады, оған егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды", — деді министр.