Қазақстанда сәуір айында күнкөріс минимумы 1,4% артты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сәуір айында күнкөріс минимумы 1,4% артты

Қазақстанда сәуір айында күнкөріс минимумы 1,4% артты

Қазақстанда 2014 жылдың сәуір айында күнкөріс минимумының көлемі 18 мың 290 теңгені құрады,

  • 4 Мамыр 2014
  • 941
Фото - Caravan.kz

бұл өткен аймен салыстырғанда 1,4% көп.

Бұл көрсеткіш 2013 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 6,5% артық, деп хабарлады статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.

Статистиктердің мәліметтеріне қарағанда, сәуірде күнкөріс минимумының жалпы көрсеткішінде азық-түлік тауарларының үлесі 10 мың 974 теңгені құрады, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтікі – 7 мың 316 теңге.

Статведомствоның мәліметтеріне қарағанда, өткен айда күнкөріс минимумы 13 жасқа дейінгі балалар үшін 14 мың 574 теңгені құрады, 14-17 жастағы жасөспірімдер үшін — 23 мың 118 теңге, сол жастағы қыз балалар үшін– 17 мың 714 теңге, жұмысқа қабілетті ер адамдар үшін – 21 мың 776 теңге, әйелдер үшін — 17 мың 294 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін — 17 мың 146 теңге.

Қазақстан халқының саны 17,2 млн адамнан асады.