Қазақстанда «Сенемін» әлеуметтік фильмдер топтамасы шығарылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «Сенемін» әлеуметтік фильмдер топтамасы шығарылуда

Қазақстанда «Сенемін» әлеуметтік фильмдер топтамасы шығарылуда

 «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қарапайым қазақстандықтардың әңгімелері арқылы сенім, ізгілік және жеңіске ұмтылыс жайындағы бірқатар әлеуметтік фильмдерді шығарғалы жатыр. Олардың барлығы қоғамға қатысты түрлі салалардағы өзекті мәселелерге арналған.

  • 17 Қазан 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

Алғашқы бейнероликте Қойшиевтер отбасының көпжақты мәселелері арқылы БМС диагнозы қойылған балалар туралы айтылатын болады. 6 жастағы Нұрия БМС-тің ауыр түрімен ауырады. Бұл диагноз бала туылған кезде қойылды, содан бері оның өмірі күреске айналды. Ауруға қарсы күрес, толыққанды өмір сүру құқығы үшін күрес. Қазақстанда мұндай балалардың саны 19 000-ға жетеді. Сонымен бірге, олардың 20%-ын ғана қалпына келтіруге мүмкіндік бар, себебі медициналық орталықтардың жұмыстары шамадан тыс көп.

2014 жылы «Samruk-Kazyna Trust»» Қоры «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, «Салауатты балалар» жобасын іске қосты, нәтижесінде Астанада балалар милық салдануымен ауыратын әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға арналған алғашқымедициналық оңалту орталығы құрылды. Бірақ, өкінішке орай, олар оңалтуға мұқтаж жандардың барлығын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.

 «Біз «Қасиетті жол» орталығына 2014 жылы келдік. Біз мұнда емдеуді бастаған сәттен ақ, баламның бойында жақсартуды байқадым. Менің ол кездегі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ол өздігінен басын көтере бастады, арқасын ұстай бастады, бір қырынан екінші қырына аунай бастады. Бұл көзге көрінбес әрекеттер болса да, біз үшін өте үлкен жетістік болды», — дейді Нұрияның анасы Венера Қойшиева.

Астанада 2017 жылы «Балапан» ерте кірісу Орталығы ашылды, ол Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балалар үйінен шыққан нейро-ортопедиялық патологиясы бар 2 жасқа дейінгі балаларға арналған орталық болып табылады. Балаларды дамытудың ерте кезеңдерінде жан-жақты оңалту көмегін көрсету арқылы мамандар қатерлі БМС-пен ауыратын балалардың даму әлеуетін барынша дамыту үшін жағдай жасайды.


«Салауатты балалар» жобасы аясында 2014 жылдан бастап БМС диагнозы бар 2 913 бала оңалтудан өтті.

 «Бұрын біздің Қорымыздың атына БМС диагнозымен ауыратын балаларды шетелде оңалтудан өту үшін қаржылай көмек көрсету туралы өтініштер көп келетін. Олар бір жолғы және атаулы өтініштер еді. Бірақ, 2014 жылы біз осы мәселені шешудің тәсілін өзгертіп: жергілікті дәрігерлерді даярлауды және Қазақстанда БМС диагнозы бар балаларға арналған оңалту орталықтарын құруды шештік », — дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының басқарушы директоры – ресми өкілі Іргебаев Мирас.

        БМС-пен ауыратын балалар туралы фильмнің жалғасы ретінде, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бүкіл Қазақстан бойынша қолдау және оңалту орталықтары туралы ақпарат біріктіріліп, көмек қажет ететін адамдар орталықтарға баруы және олармен байланысуы үшін ұсынылатын болады. Бұл ақпарат Қордың http://www.sk-trust.kz сайтында жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар