Жарияланды: 740

Қазақстанда шөп қоспалары (микстері) есірткі санатына жатқызылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев есiрткi, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларына бағытталған «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады сейсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

Депутаттар бастамашы болған түзетулер шөп қоспаларын Қазақстанда бақылауға жататын есірткі және психотроптық заттардың тізіміне енгізу мақсатында жасалды. Қазіргі уақытта шөп қоспаларын сатуға ҚР бас санитарлық дәрігер деңгейінде ғана тыйым салынған. «Шөп қоспалары да есірткі сияқты әсер етеді. Алайда (қазіргі уақытта - ҚазТАГ) тыйымды бұзған азаматтарға қатысты сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған», - деп түсіндірді толықтырудың мақсатын Б. Бекжанов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть