Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың біртіндеп тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазір Қазақстан “сары” аймақта.
Цойдың айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары "қызыл" аймақта.
БҚО "қызыл" аймақтан "сары” аймаққа өтті.
Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы, Шымкент "сары" аймақта.
Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа кірді. Сонымен қатар Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстары “жасыл” аймақта.
"Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайдың сырқаттанушылық деңгейін төмендету және біртіндеп тұрақтандыру бойынша оң тенденция байқалады", — деп қосты Цой.