Қазақстанда Тасымалдаушылар одағы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Тасымалдаушылар одағы құрылды

Қазақстанда Тасымалдаушылар одағы құрылды

Kazlogistics көлік логистика қауымдастығы Қазақстан тасымалдаушыларының одағы болып қайта құрылды.
           Қауымдастық баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде барлық қауымдастықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының басын біріктіретін біртұтас қоғамдық бірлестік пайда болды (...). «Бұл саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, құрылып жатқан Біртұтас экономикалық кеңістікке ықпалдасуына және келешекте ДСҰ елдеріне шығуына көмектеседі», делінген хабарламада.
           Жалпы жиынның шешімі бойынша «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мәмин Одақ төрағасы болып сайланды.
           Сонымен қатар, Kazlogistics деп аталатын корпоративтік қор құрылды.
           Ал, биылғы жылы қарашаның 7-сінде Қазақстан тасымалдаушылары одағының І құрылтайы өтетін болды.

  • 9 Тамыз 2013
  • 529
Фото - Caravan.kz

Kazlogistics көлік логистика қауымдастығы Қазақстан тасымалдаушыларының одағы болып қайта құрылды.

           Қауымдастық баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде барлық қауымдастықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының басын біріктіретін біртұтас қоғамдық бірлестік пайда болды (…). «Бұл саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, құрылып жатқан Біртұтас экономикалық кеңістікке ықпалдасуына және келешекте ДСҰ елдеріне шығуына көмектеседі», делінген хабарламада.