Қазақстанда техникалық тексеру процедурасы қайта қарастырылады - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда техникалық тексеру процедурасы қайта қарастырылады - ІІМ

Қазақстанда техникалық тексеру процедурасы қайта қарастырылады - ІІМ

Алматы. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда техникалық тексеру процедурасы қайта қарастырылады. Бұл туралы кеше брифингте ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Шiлде 2008
  • 413
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 8 шілде күні үкімет отырысында елдегі жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі мәселе қарастырылған. Сондай-ақ, техникалық тексеру процедурасын өзгерту мәселесі де талқыланған. «ІІМ, Көлік және коммуникация министрлігіне, Индустрия және сауда министрлігіне техникалық тексеру процедурасын қайта қарастыру тапсырылды. Қалай дегенмен де, жол полициясы көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруге тиісті емес», — деді Ө. Түсімов.

Ө. Түсімовтың айтуынша, әзірге техникалық тексеру жүргізумен қандай ведомство айналысатыны шешілмеген. «Бұрынғыдай бәсекелестік ортаға немесе Көлік және коммуникация министрлігіне береді. Бірақ, сонымен қатар, егер де келесі техникалық тексеруге дейін жол көлік оқиғасы бола қалса, ақша төлеп кепілдеме алған жүргізуші емес, автокөлік техникалық жағынан ақаусыз деп қорытынды берген заңды немесе жеке тұлға жауапкершілікке тартылуы керек деген мәселені көтеріп отырмыз», — деп атап көрсетті Ө. Түсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті