Қазақстанда тосын оқиғалардың салдарынан 9 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда  тосын оқиғалардың  салдарынан 9 адам мерт болды

Қазақстанда тосын оқиғалардың салдарынан 9 адам мерт болды

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Тосын оқиға салдарынан 7 адам қаза болып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

  • 28 Қараша 2007
  • 574
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша, тосын оқиға 27 қарашада Астананың техникалық қызмет көрсету стансасында болған. «Жарамсыз газдардан 4 адам уланып, олардың екеуі мерт болған», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Осыған ұқсас оқиға Ақтөбеде де болды. «Авиатор» гараж кооперативінде 27 қарашада 19.22 «ВАЗ-2107» автокөлігінде жарамсыз газдармен қатты уланған кәмілеттік жасқа толмаған екі жас өспірімнің мәйіті табылды.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы Тентек шахтасында секция қақпалары ашылғанда, шланг жұлынып, оның ауыр ұшы 38 жастағы ер адамның басына тиген. Қатты жарақатпен ауруханаға жеткізілген ер адам көз жұмды.

Қызылордада, МКК «КТЭЦ» территориясында металдық конструкция кесіліп жатқанда, жұмыс істемейтін қарамай желісіне жалғасатын отын эстакадасы құлады. Жұмыс орнында «МиГ» жеке кәсіпорынның 2 жұмысшысы қаза болды.

«Қара маймен жағылатын №9 қазан (БКЗ-200), уақытша тоқталды,3 қазандық газотурбиналық қондырғы мен 12 қазаны бар АБМХ жұмыс істеуде», — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Тосын оқиғаларды жоюға ҚР ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылды: ТЖД (4 адам, 1 техника); өрт сөндіру қызметі (6 адам және 1 техника); «ЮРАОСО» МБ (6 адам және 2 техника); Қызылорда ҚО (5 адам және 2 техника).

Сондай-ақ, ТЖМ ақпараты бойынша, Ақмола облысы, Талапкер ауылында, үйде дұрыс қаланбаған пештің кесірінен, көмір қышқыл газынан 2 адам уланып қаза болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті