12-қыркүйекте 13 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Малоубинка аулындағы жер үйде 100 шаршы метрді шарпыған өрті сөндіру кезінде 54 жастағы еркектің мүрдесі табылды. Тілсіз жау 20 сағат 28 минутта «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 1 бірлік техникасының көмегімен ауыздықталған.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйде 13-қыркүйек күні түнде болған өртті сөндіру барысында 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрттің ауданы 40 шаршы метрді құрап отыр. Оны ауыздықтауда өрт сөндіру қызметі бір сағаттай тер төкті. 13 адам мен 3 техника жұмылдырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті