Қазақстанда түрмеде отырғандардың саны азайып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда түрмеде отырғандардың саны азайып келеді

Қазақстанда түрмеде отырғандардың саны азайып келеді

Қазақстанда түрмеде отырғандар саны азайып келеді, қазірі уақытта онда отырғандар саны ел тәуелсіздік алған жылдары ішіндегі ең азы,

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов.

"2014 жылы түрме халқының саны 1 мың 953 адамға немесе 4% азайды. Егер 2013 жылы 100 мың адамға шаққанда олардың саны 290 адам болса, 9-желтоқсанға қарағанда олардың саны 275 болды.Тәуелсіздік алғалы бері тарихта түрме халқының саны 48 мыңнан кем болып көрмеген», деді ол Астанада жұмада "Колонияда жұмыспен қамтамасыз ету-2017" түрме реформасының екінші форумында сөйлеген кезінде.
Оның айтуынша, соттар баламалы жазаны көбірек қолдана бастаған. Мәселен, биыл баламалы жазалау үлесі 65% құраған, бостандығынан айырылғандар үлесі — 35%.
"Сотқа дейін бітімге келу 4 есеге артты. Егер 2012 жылы ондай 10 мың іс болса, биыл 40 мың іс сотқа дейін тоқтатылған», деді ол.
Ж.Асановтың сөзіне қарағанда, биыл тергеу барысында қамауға алу 11% азайған, өйткені прокурорлар кепілдікті жиірек қолдана бастаған. Өткен жылға қарағанда биыл кепілдік ету 268 есе көп қолданылған.
Қазақстан халқының саны17,3 млн адамнан асады.