Қазақстанда тұрып қазақша сөйлегені үшін зардап шеккендер туралы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тұрып қазақша сөйлегені үшін зардап шеккендер туралы не білеміз?

Қазақстанда тұрып қазақша сөйлегені үшін зардап шеккендер туралы не білеміз?

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болса да мазақ болып жүргені жайында мысалдар жетерлік. Caravan.kz медиа-порталы бүгін солардың бірқатарын ес

  • 24 Мамыр 2017
  • 1750
Фото - Caravan.kz

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болса да мазақ болып жүргені жайында мысалдар жетерлік. Caravan.kz медиа-порталы бүгін солардың бірқатарын еске түсіріп көрді.

Қазаққа қазақша сөйлегені үшін айыпты болғандардың бірі Ақтолқын Жәнібекова. Көпшіліктің ашу-ызасын туғызған оқиға 2015 жылы Қостанайда болды.

Көлігімен жол ережесін бұзған Ақтолқын Жәнібекова хаттаманы қазақша толтырамын дегені үшін айыпты болды. "Қазақшаны өз ауылыңда сөйлейсің" деген полиция қызметкері, тіпті орысша хаттама толтырсаң 10 мың теңге, ал егер қазақша толтырсаң 20 мың теңге айыппұл төлейсің деп қысым көрсеткен.

Кейін тілді қорлаған жол сақшысына қатысты Ақтолқынның шағымы бойынша сот отырысы да өткен болатын. Ең сорақысы хаттаманы мемлекеттік тілде толтырудан бас тартқан Дәулет Досмайылов ақталып шықты. Сот отырысының судьясы Ақтолқын Жәнібекованың шағымын қанағаттандырмады.

Биыл наурыз айының басында Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев қызметінен босатылды. Оған мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзды деген кінә тағылды.

Сауаттылығымен көзге түсіп, қызметте тез жоғарылаған Алтай Әбибуллаевтың нақты не үшін жұмыстан кеткені әуелгіде белгісіз болды.Дегенмен елшінің қызметінен аластатылуына орысша сөйлемеуі себеп болды деген жел сөздер тарап үлгерді. Өйткені Польшадағы кәсіпкерлермен кездескен Қазақстан елшісі баяндамасын қазақ және поляк тілдерінде ғана жасаған көрінеді. Әйтседе қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз.

2013 жылы қазақша сөйлегісі келгені үшін «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың да жапа шеккені есімізде. Нақтырақ айтқанда Түркиядан ұшақпен келе жатқан Қалыбай мырза жолсерікпен сөзге келіп, соңында айыпты болып тынған еді. Оның сондағы бар жазығы ұшақ қызметкерлеріне қазақша сөйлегендігі болатын. Осылайша Жарылғап Қалыбай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330 бабының 1-нші тармағы (
330-1-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау
) бойынша айыпты деп табылып, үш күнге қамалды.

2011 жылы Ресейден келген қандасымыз қазақша сөйлеймін деп жапа шекті. Оқиға Петропавл қаласында орын алды. Жеке компанияда істейтін Манарбек Қасымов деген азамат "қазақша сөйлеме" деген басшылықтың ескертуін елемеймін деп, ақыры жұмысынан айырылып қалды. Кейін ол компания бас­шы­ла­рының үстінен сотқа арыз бермекші болған. Бірақ басшылары сотқа арыз берсең, достарыңды да жұмыстан шығарамыз" деп қорқытқан. Ақыры Манарбек қазақ жігіттеріне зияны тимес үшін жұмыстан өз еркімен кеткен.

2013 жылдың 17 ақпаны күні «Мега Ақтөбе» сауда ойын-сауық орталығындағы сауда нүктелерінің бірінде сатушы қазақ қызына қатысты тұтынушылардың бірі шағым жазып кетті. Себебі Эльмира есімді сатушы түрі қазақққа ұқсайтын кішкентай қызға қазақша сөйлеп қойған екен. Артынша оның анасы шу шығарып «қызыма неге қазақша сөйлейді»,- деп шағым жазып кетті.ЭльмираЭльмира

2016 жылы елімізге белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали ана тілінде сөйлегені үшін сорақы жағдайға тап болды. Танымал тұлға «Сулпак» дүкенінен планшет алмақ болып сатушыдан бағасын сұраған. Есесіне сатушы қыз «қазақшаңды түсінбеймін, алатын затыңды орысша сөйлеп ал!» деп ұлтжанды азаматқа дүрсе қоя берген. Мұндай жағдайға саясаттанушы бірнеше мәрте тап болғанын әлеуметік желіде жазды.

— Мен полицияға телефон шалып, планшетімді жоғалтқаным туралы айттым. Менің телефон арқылы айтқан арызым Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасына түсіпті. Мен өз арызымды қазақша айта бастадым, бірақ, Юлия деген қызметкер маған орысша айтуды талап етті. Мен тек қазақша айтатынымды алға тарттым, ол трубканы тастай салды, деп жазды Әзімбай Ғали желіде.

Соңғы жаңалықтар