Қазақстанда туып, өскен әйелді еш себепсіз азаматтығынан айырып тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда туып, өскен әйелді еш себепсіз азаматтығынан айырып тастаған

Қазақстанда туып, өскен әйелді еш себепсіз азаматтығынан айырып тастаған

Алматы тұрғыны Айсұлу Шаймарданов ойда-жоқта өзінің Қазақстан азаматтығынан айырылғанын біліп қалды. Алайда оған не себеп болғанын түсіне алар емес.

  • 15 Қаңтар 2019
  • 213
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айсұлу Шаймарданова мекен-жайы жөнінде анықтама қағазын алмақ болады. Бірақ оған тиісті анықтама берілмейді. Базада қате деген ақпарат шығады. Кейін көші-қон полициясына барғанда оның азаматтығынан айырылғану туралы айтады. Басына жай түскендей күй кешкен Айсұлу мұның себебін түсіне алар емес.

Қызметкерлер өзінің атынан 2017 жылы маусым айында азаматтығынан айыруды сұрап, сыртқы істер министрлігіне өтініш жазылғанын ескертеді. Өтініште өзге елдің азаматтығына алатыны көрсетіліпті. Бірақ Айсұлу ондай өтінішті жазбағанын айтып отыр. Алайда оған азаматтығынан айыру туралы бұйрықтың нөмір көрсетілмегін хабарлаған.


Дәл қазіргі жағдайда Айсұлу өзінің Қазақстан азаматы екенін, әлде айырылғанын білмей дал. Өзінің туу туралы куәлігі мен өзге құжаттарын көрсетті. Егер Қазақстанның азаматы болмасам, бұл елде қалай заңсыз жүрмін деп таңғалды.

“Бүгін-ертең келіп мені елден қуып жіберетіндей күйде жүрмін. Мені азаматтығымнан қалай айырады. Еш себепсіз. Маған түсінікті емес”, – дейді тұрғын.

Сыртқы істер министрлігі бұл істі тексеріп жатқанын мәлімдеді. Ал, істің анық-қанығы қашан анықталады, ол жағы белгісіз.

Соңғы жаңалықтар