Қазақстанда заңдастырылмаған көліктердің "тағдыры" қалай шешіледі – ІІМ түсіндіріп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда заңдастырылмаған көліктердің "тағдыры" қалай шешіледі – ІІМ түсіндіріп берді

Қазақстанда заңдастырылмаған көліктердің "тағдыры" қалай шешіледі – ІІМ түсіндіріп берді

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелдік көлігін заңдастырмаған азаматтарға не істеуге болатынын түсіндірді.

  • 15 Желтоқсан 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қайсар Сұлтанбаев журналистердің сұрағына жауап беріп, Қазақстанда заңдастырылмаған шетелдік көліктердің шарадан кейінгі “тағдыры” қалай шешілетіні жайлы айтты. 

"Заңдастырудан өтпеген көліктердің иелері қайтадан әкелген еліне шығаруы керек болар немесе бөлшектеп, қосалқы бөлшек ретінде сатып құтылатын шығар. Мен басқа жолын көріп тұрған жопын", – деді ІІМ өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыруға қатысты көпті алаңдатқан сұрақтарға жауап берген еді. Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, Парламент Салық кодексіне алғашқы түзетулерді қабылдаған. Заңдастыруға жататын көліктерді тіркеу үшін төленетін алым 200 мың теңге деп белгіленген. 


 

Соңғы жаңалықтар