Қазақстанда жалпыұлттық "Қазақстан-2050" қозғалысы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жалпыұлттық "Қазақстан-2050" қозғалысы құрылды

Қазақстанда жалпыұлттық "Қазақстан-2050" қозғалысы құрылды

Азаматтардың бастамашыл тобы жалпыұлттық "Қазақстан-2050" қозғалысының құрылғандығын жариялады.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 651
Фото - Caravan.kz

"Біздің қозғалыстың миссиясы Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан – 2050" стратегиясында мазмұндаған саяси бағытын қолдау арқылы Қазақстанның әлемнің анағұрлым дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз ету", делінген жұмада топтан таралған хабарламада.

Сонымен қатар жаңа бірлестік қазақстандық мемлекеттіліктің негізін құрайтын құндылықтардың мызғымастығын қолдайды, ол құндылықтар ұлттық бірлік, этникаралық келісім, азаматтық теңдік, толеранттылық, қазақстандық халықтың бай дәстүрі мен мәдениеті.

Көшбасшы болып Қазақстан президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, жас қоғамдық қайраткер және кәсіпкер Данат Жумин сайланды.

Қозғалыстың бастамашыл тобына енгендер: биотехнологияларды ұжымдық пайдалану ұлттық ғылыми лабораториясының ғылыми қызметкері Айша Ысқақова, кардиохирург Дмитрий Горбунов, "Қазкоммерцбанк" басқармасының мүшесі Мағжан Әуэзов, бизнесмендер Рүстем Қарымов және Мұхтар Манкеев, қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек,халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығыметов, "Назарбаев Университетінің" жер туралы ғылымдар орталығының директоры Асқар Мұнара, ауыл шаруашылық министрлігінің мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаев және басқалары.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашақ" стипендиясының мерейтойлық форумында осы идеяны ұсынғандығы белгілі.