Қазақстанда жанар-жағармайдың жаңа экологиялық тәртібін енгізу керек- ҚР сертификаттау органдары - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жанар-жағармайдың жаңа экологиялық тәртібін енгізу керек- ҚР сертификаттау органдары

Қазақстанда жанар-жағармайдың жаңа экологиялық тәртібін енгізу керек- ҚР сертификаттау органдары

Астана. 16 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық сертификациялау органдары Қазақстанда жанар-жағармайдың жаңа экологиялық тәртібін қабылдау қажет деп санайды. Бұл туралы бүгін "Қазақстан мұнай өнімдері нарығы" атты халықаралық конференцияда OILSERT сертификациялау органының жетекшісі Гүлнар Ибранова айтты.

  • 16 Қараша 2007
  • 681
Фото - Caravan.kz

«Менің ойымша, арнайы тәртіпті енгізу керек. Біздің өмірімізді, денсаулығымызды, қоршаған ортаны, жан-жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, қауіпсіздігімізді ойлайтын болсақ оны қабылдауымыз керек, әзірге бізде ондай құжат жоқ «, — деді ол.

Гүлнар Ибранованың айтуынша, «Осы уақытқа дейін біз отын сапасының, тек көлік моторына беретін әсерін ғана тексеріп келдік «. Ал енді, жанар-жағармайға сертификат берілу кезінде арнайы органдар отынның адамдар мен қоршаған ортаға тигізетін экологиялық зиянын ескерулері керек.

Сертификациялау органының жетекшісі атап өткеніндей, ҚР қолданылатын отын құрамынан күкірт, бензол мен металл қоспаларын азайту қажет.

«»Евро-2» до «евро-3, және 4 » талаптарына сай ұлттық сапалы отын стандартын дайындап, қабылдауымыз керек «, — деді ол.

Г. Ибранова айтқанындай, Ресейде «евро-3» и «евро-4», стандарттарына көшіп жатса, «Қазақстан «евро-2″ экологиялық көрсеткіштеріне әлі көше алмай әлек».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті