Қазақстанда жаңа Кеден кодексінің жобасы жасалады - Кәрім Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа Кеден кодексінің жобасы жасалады - Кәрім Мәсімов

Қазақстанда жаңа Кеден кодексінің жобасы жасалады - Кәрім Мәсімов

Астана. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жаңа Кеден кодексінің жобасы жасалады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Қаржы министрлігінде өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Шiлде 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Алдағы жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің жобасын жасау, жаңа Салық кодексінің жобасын жасау барысында қазіргі қолданыстағы Кеден кодексінің осал тұстары байқалды», -деді Кәрім Мәсімов.

«Сол себепті мен жаңа Кеден кодексінің жобасын жасау жөнінде өзімнің орынбасарым Ербол Орынбаев басқарған жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылдадым. Ол енді қабылданатын үш жылдық бюджеттің жобасы мен Салық кодексінің жобасымен үйлесімді әрі синхронды болуға тиіс», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті