Жарияланды: 560

Қазақстанда жарты жыл ішінде 318 жасөспірім бас бостандықтарынан айырылған - ҚР Жоғарғы соты

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жарты жыл ішінде сотталған 14 пен 16 жас аралығындағы 1387 жасөспірімнің 318-іне бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалған. Бұл туралы республиканың ювеналдық соттарының қызмет етуі бойынша өткен брифингте ҚР Жоғарғы сотының ресми өкілі Константин Харламов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қалған сотталушыларға қатысты балама жаза шаралары кеңінен қолданылған. Олар: шартты түрде соттау, бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстарға тарту, айыппұлдар, тәрбиелік ықпал ету шаралары", - деп атап көрсетті К. Харламов. Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, былтыр президент жарлығымен Астана және Алматы қалаларында ювеналдық соттар құрылған. "2008 жылдың 26 шілдесінде "Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі арнайы ауданаралық соттардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді. Онда ювеналдық соттарда қаралатын істер көрсетілген", - делінген хабарламада. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть