Қазақстанда жарты жыл ішінде тұтқындардың туыстары карта қарызын өтеуге 2,2 млрд теңге бермек болған
Қазақстанда жыл басынан бері түрмелерден 60 кг астам есірткі, 6 тонна спирт және қомақты ақша тәркіленді, деп Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің комитет төрағасы Сұлтан Құсетов мәлімдеді. |
“Жарты жыл ішінде біз тұтқындарға берілмек болған 2,2 млрд теңгедей қолма-қол ақшаның жолын кестік. Ақша тұтқындарға карта ойнынан қарызын өтеуге беріледі. Көбінесе қомақты ақша оларға карта ойнау үшін ғана қажет”, - деп ол бүгін Астанада баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Сонымен қатар, комитет басшысының айтуынша, аталған кезең ішінде колонияда 62 кг есірткі, 3 мың ұялы телефон, 6 тонна спирттік ішімдіктер беру әрекеті тойтарылған,
Тұтқындардың жақындары мен туыстары болып келетін 752 адамға есірткі бермек болғаны үшін айыппұл салынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін