Жарияланды: 490

Қазақстанда "жасылдар" партиясы құрылады - Елеусізов

Алматы. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда "жасылдар" партиясы құрылад. Бұл туралы Қазақстанның қауымдастықтары мен кәсіпорындарының "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов агенттік тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

"Қазір осы жұмыспен айналысып жатырмыз. Экологиялық проблемаларды тек партия құру арқылы ғана шешуге болады, басқа жол жоқ. Экологиялық ұйымдардың парламентте өз өкілі болуға тиіс", - деді М. Елеусізов. Оның пікірінше, елімізде, соның ішінде Алматыда қолданылып жатқан табиғат қорғау шаралары жеткіліксіз. "Қала экологиялық проблемаларға үлкен жауапкершілікпен қарауға тиіс. Бүгінге дейін олай жасалған жоқ. Табиғат қорғау аймақтары қоқыстарға лықа толды. Халықтың экологиялық мәдениетін көтеру қажет. Бұл кешенді әрі ауқымды жұмыс болуға тиіс", - деді эколог. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін