Қазақстанда Жол қозғалысы ережесін қатаңдату туралы заң күшіне енгеннен кейінгі 12 сағат ішінде 459 мас жүргізуші қамауға алынған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Жол қозғалысы ережесін қатаңдату туралы заң күшіне енгеннен кейінгі 12 сағат ішінде 459 мас жүргізуші қамауға алынған

Қазақстанда Жол қозғалысы ережесін қатаңдату туралы заң күшіне енгеннен кейінгі 12 сағат ішінде 459 мас жүргізуші қамауға алынған

Алматы. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда Жол қозғалысы ережесін қатаңдату туралы заң күшіне енгеннен кейінгі 12 сағат ішінде 459 мас жүргізуші қамауға алынған. Бұл туралы жұмы күні 9 шілдеде Ішкі істер министрлігіндегі селекторлық кеңесте премьер-министр Кәрім Мәсімов берген тапсырманы орындау жөніндегі жұмыстардың нәтижелері жайында премьер-министрге баяндау барысында ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Тамыз 2008
  • 646
Фото - Caravan.kz

«Бүгін заң күшіне енді. Біз БАҚ өкілдерінің қатысуымен бүкіл ел аумағында үш күндік жұмыспен өтеуді бастаймыз. Бүгінгі күннің 12 сағатының ішінде 459 мас жүргізуші қамауға алынды. Оның ішінде Астанадан 61, Алматыдан 21 адам бар», — деп хабарлады Ө. Түсімов.

Ө. Түсімовтың хабарлауынша, биылғы жылдың 7 айының ішінде жол көлік оқиғаларының саны 14 пайызға (1140 жол көлік оқиғасы), қайтыс болғандар саны 16,6 пайызға (355 адам), жаралы болғандар саны 13,3 пайызға (1277 адам) қысқарды. Сондай-ақ, балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының саны да азайды. «100 мың адамға шаққандағы жол көлік оқиғаларынан қайтыс болған адамдар саны 11,4 адамға тең болды. Былтыр бұл көрсеткіш 13,8 адамға тең болған еді», — деп атап көрсетті Ө. Түсімов.

Премьер-министр 6 тамызда жартыжылдық қорытындысы бойынша үкімет отырысы өтетінін хабарлап, барлық ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, Ішкі істер министрлігінің бір ай ішіндегі жұмысы туралы ақпаратты дайындауға тапсырма берді. К. Мәсімов қыркүйек айындағы ІІМ келекторлық жиналысына тағы да қатысатынын айтты. «Қарқын жаман емес. Оны төмендетпеңдер», — деп атап көрсетті премьер-министр сөз соңында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті