Қазақстанда жұмыртқа бағасының қымбаттауы құс тұмауына байланысты ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жұмыртқа бағасының қымбаттауы құс тұмауына байланысты ма?

Қазақстанда жұмыртқа бағасының қымбаттауы құс тұмауына байланысты ма?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басынан бері 5,4 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

  • 22 Қазан 2020
  • 39
Фото - Caravan.kz

Мамыр мен қыркүйек айлары арасында баға 0,1 пайызға төмендеген. Дегенмен, қазан айында тұрақсыздық қайта байқалған.  

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар бағасының қатты өсімі Павлодар (11,1%)  және Нұр-Сұлтан (9,3%) қалаларында тіркелген. Ең төменгі көрсеткіш Алматы (3,8%) мен Қызылорда (4,5%) қалаларында белгіленген.

Қазан айы басындағы бағаның шарықтауы әсіресе жұмыртқа (6,9%), қант (4%) және күнбағыс майы (1,6%) өнімдерінен байқалады.

«Жұмыртқаның қазіргі уақыттағы орташа бағасы 314 теңгені құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4% жоғары. Ал6 қанттың қымбаттауы елдегі қант өндірісінің төмендеуімен және Ресейдегі қант бағасының өсуімен байланысты. Күнбағыс майы құнының өсуі елдегі осы бағыттағы егістік алаңдарының және импорт көлемінің азаюымен байланысты» — деді Ерлан Ешназаров. 

Сондай-ақ министрлік өкілі қазір елімізде бидай бағасының өсімі бар екендігін айтты. Бұл ұн, нан және ет өнімдерінің қымбаттауына әкелуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар