Жарияланды: 280

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі өзгерген жоқ

Қазақстанда 2012 жылы қазан айында қыркүйек айымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі өзгерген жоқ, 5,3% құрады, деп хабарлады статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, қазан айында жұмыссыздар саны 474,5 мың адамды құрады. Ресми түрде алғанда 2012 жылдың қазан айының соңында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің органдарында жұмыссыздар ретінде 53,9 мың адам тіркелген болатын. Тіркелген жұмыссыздар саны экономикалық белсенді халықтың 0,6% құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін