Жарияланды: 420

Қазақстанда жыл басынан бері 2410 астам меморандумға қол қойылды - Сапарбаев

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан бері 2410 астам меморандумға қол қойылды. Бұл туралы бүгін Алматыда "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - 2008" тақырыбындағы форумда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Елімізде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі меморандумдар мен келісімдерге қол қою тәжірибесі белең алды. Жыл басынан бері құны 43 млрд теңгенің 2410 астам меморандумына қол қойылды", - деді Б. Сапарбаев. Министрдің мәліметінше, барлық меморандумдардың 873-і Ақмола облысының үлесіне тисе, Алматы облысында - 85, Ақтөбе облысында - 27, Атырау облысында - 67, ШҚО - 574, Жамбыл облысында - 48, БҚО - 16, Қарағанды облысында - 3, Қызылорда облысында - 7, Қостанай облысында - 369, Маңғыстау облысында - 11, Павлодар облысында - 56, СҚО - 46, ОҚО - 196 жетті. Сонымен бірге 31 меморандумға Астанада, Алматыда бір меморандуға қол қойылған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін