Қазақстанда жыл басынан бері 50-ден астам аса ауыр есірткілік қылмыстар жасаған 9 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды
Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан бері 50-ден астам аса ауыр есірткілік қылмыстар жасаған 9 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ақпараттық орталығының жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Ағымдағы жылдың 7 айында 50-ден астам аса ауыр есірткілік қылмыстар жасаған 9 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды ", - деді Бағдат Қожахметов.
ІІМ мәліметінше, жалпы алғанда, ағымдағы жылы еліміздің аумағында 6 мыңнан астам есірткілік қылмыстар тіркелді. 12,6 тонна түрлі есірткі, соның ішінде 1,2 тоннаға жуық героин заңсыз айналымнан шығарылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 есе артық.
Жалпы алғанда, 2003 - 2007 жылдар аралығында 52,5 мың есірткілік қылмыстар әшкереленіп, 115,2 тонна есірткі, соның ішінде 5 тонна апиын тобына жататын есірткі айналымнан шығарылды. Кейінгі 5 жылда 43 ұйымдасқан қылмыстық топ, соның ішінде халықаралық байланысы бар топтар жойылды. Тек 2007 жылы 196 есірткі тасымалдау арнасы анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін