Жарияланды: 450

Қазақстанда жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін 10-проценттік деңгейден асырмауға нақты мүмкіндік бар - Кәрім Мәсімов

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Қазақстанда жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін 10-проценттік деңгейден асырмауға нақты мүмкіндік бар. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір бізде мемлекет басшысының инфляция деңгейін 10% деңгейден асырмау жөніндегі тапсырмасын орындауға нақты мүмкіндік бар", - деді Кәрім Мәсімов. "Бұл жерде мен жанар-жағармайдың бағасын арзандату мәселесімен айналысқан еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа, азық-түлік өнімдерінің бағасын арзандатумен айналысқан индустрия және сауда министрі Владимир Школьникке және облыстардың әкімдеріне ризашылық білдіргім келеді. Сіздер жүргізген жұмыстар өз нәтижесін беріп, қарашада инфляция 0,4% құрады, бұрын-соңды ондай болған емес", - деді үкімет басшысы. Бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешінбаева Қазақстанда қараша айында инфляция деңгейі 0,4% және 11 айда 9,2% құрады деп мәлімдеген болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін