«Қазіргі уақытта АҚШ елшілігінде күллі әлем бойынша паспорттық және виза жүйесіне қатысты техникалық ақау орын алуда. Бұл проблема нақты қандай да бір елге, азаматтық немесе визалық санат туралы құжатқа қатысы жоқ. Біз қысқа мерзімде мұны жоюға, жүйенің толық жұмыс істеуін қалпына келтіруге бар күшімізді саламыз», — делінген Қазақстандағы америкалық дипломатиялық миссияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Астанадағы АҚШ елшілігі мен Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы 2015 жылғы 9 маусымдағы және одан кейінгі толтырылған АҚШ визасын алуға өтінішті өңдей алмай отыр. Осыған байланысты 9 маусымда немесе одан кейін иммиграциялық емес DS-160 визалық сауалнаманы толтырған иммиграциялық емес визаға өтініш жасағандардың сұхбат уақыты кейінге шегерілгендігін ескертеді.
Дипмиссия жұмысын толық көлемде жаңартқаннан кейін тиісті хабарлама жасаймыз, деп мәлімдеді елшіліктен.