«Олардың саны өте қарқынды қысқарып барады, бұл тұқымды Қызыл кітапқа енгізу қажет»,- деп мәлім етті Константин Плахов.
«Иттер — бұл тек мәдени мұра ғана емес, бұл біздің еліміздегі биологиялық түрлердің бірі. Қазақстан 1994 жылы биологиялық түрлерді сақтау туралы халықаралық конвенцияны бекітті. Ал онда әрбір ел дүниежүзілік қоғамдастық алдында өз аумағында сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сақталуына жауап береді. Бірақ біздің еліміз бұл салада ештеңені қолға алмай отыр»,- деді ол.
«Өздеріңізге белгілі, күш құрылымдарында, кеден қызметінде иттерге деген үлкен сұраныс бар»,- деді Константин Плахов. Атап айтқанда, оның ақпараттарына сүйенсек, Ұлыбританияда кинологтар гендік инженерия көмегімен «әртүрлі мемлекеттік тапсырыстарды орындау үшін супериттер» жасап шығармақ ниетте. «Англиялықтар бүкіл әлемге суперитті көрсетпек. Ал біздегі бір парадокс — бізде осындай ит бар, ол — кәдімге қазақы төбет. Бірақ оның орнына мемлекет иттерді Белгиядан, Германиядан сатып алады»,- деп атап өтті ол.
Осы қойылған проблемаға байланысты Алматыда 10 — 15 қыркүйек аралығында «Биологиялық түрлердің толыққанды элементі және адамзаттың мәдение мұрасы ретіндегі көне иттердің тұқымдары» тақырыбында бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. К. Плазовтың айтуынша, бұл конференцияның мақсаты «көне иттердің тұқымдарының сақтауды қажет ететіндіктерін көрсету».