Жарияланды: 70

Қазақстандағы ең бай блогер құны 90 млн теңге тұратын көлік сатып алды (фото)

Қазақстандағы ең бай блогер құны 90 млн теңге тұратын көлік сатып алды (фото)

Бейресми түрде Қазақстандағы ең бай блогер деп есептелетін NNN (Нұрдәулет) жаңа көлік алды.

Mersedes AMG GT 63S деп аталатын бұл көліктің нарықтағы бағасы 90 млн теңгеге жетіп жығылады деп хабарлайды Caravan.kz порталы Oinet.kz -ке сілтеме жасап.

Нұрдәулет бұл көлікті шетелден арнайы алдырған. 

Оны блогердің парақшасындағы видеодан байқауға болады. Нұрдәулет бұған дейін құны 50 млн теңгенің төңірегінде тұратын жол талғамайтын көлік алып елден сүйінші сұраған болатын. 

Желі қолданушылары Нұрдәулетті жаңа көлігімен құттықтап, оған табыс тілеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін