Қазақстандағы халық саны 17 млн. 400 мың адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы халық саны 17 млн. 400 мың адамға жетті

Қазақстандағы халық саны 17 млн. 400 мың адамға жетті

2013 жылғы 1 желтоқсанымен салыстырғанда халық саны 251 мың адамға өсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде 2014 жылда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық қорытындыларына арналған брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 531
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 млн. 397 мың адамды құрады. 2013 жылғы 1 желтоқсанымен салыстырғанда халық саны 251 мың адамға немесе 1,5 пайызға өсті», — деді Ә. Смайылов.  

Оның сөзіне қарағанда, туылғандар саны 368 мыңға жетіп, 1,6 пайызға артты. Ал қайтыс болғандар 120 мың адамды құрап, 4,7 пайызға төмендеді.

«Қаңтар-қарашада елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 15 185 адамды құрады. Ал елден кеткендердің саны 18,8 пайызға көбейіп, 26 869 адамды құрады»,-деді Ә. Смайылов.


Атап айтқанда, еліміздегі негізгі көші-қон бұрынғыдай ТМД елдері аясында сақталып отыр.