ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін Бүркітшілердің халықаралық І фестивалі еліміздің тарихында тұңғыш рет өткелі отыр.
2004 жылы «Бүркітші» федерациясы құрылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына енді. Содан бері Күнтізбелік жоспарға сәйкес «Салбурын», «Саят», «Қансонар», «Бүркітшілердің Республикалық чемпионаты» жарыстары мен әр түрлі турнирлер өтіп келеді. Бұл жолғы жарыс Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Венгрия, Чехия қатарлы он екі елдегі бүркітшілердің қатысуымен өтпек.