Қазақстандағы мектеп оқушылары көбіне қан жүйесі, тыныс алу мүшелері мен көз ауруларына шалдыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.
«Бүгінде мектеп оқушылары қандай науқастармен ауырады? Бірінші орында қан жүйесі аурулары (бірінші кезекте анемия), екінші орында тыныс алу мүшелерінің аурулары, үшінші орында – көз бен жатыр мойны аурулары, төртінші орында – жүйке жүйесі, бесінші орында – эндокриндік жүйе арулары тұр», — деді ол жұма күні мұғалімдердің тамыз кеңесінде.
Вице-министрдің айтуынша, 2012 жылы 17 жасқа дейінгі 4,5 млн бала профилактикалық тексеруден өткізілген. Оның 46 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.
Тексеруден өткен балалардың 307 мыңнан астамы емханаларда есепке алынған.
«Жыл сайын біз 160 мыңнан астам баланың денсаулығынан белгілі бір ақау табамыз. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан біз бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастырмақпыз. Мектеп бағдарламасы ауырлаған кезде балалардың денсаулығы сыр бере бастайды, біз мұны жақсы түсінеміз», — деді вице-министр.
Ол аурудың алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлесе жұмыс істеп, мектептерде балалардың салауатты өмір салтын ұстануына, оқу режимін дұрыс қалыптастыруға және дұрыстап тамақтануына жағдай жасауы тиіс.