Қазақстандағы мұнай өнімдері құнының шарықтауы болмайды - Ерғожин - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы мұнай өнімдері құнының шарықтауы болмайды - Ерғожин

Қазақстандағы мұнай өнімдері құнының шарықтауы болмайды - Ерғожин

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Мұнай өнімдері бағасының күрт өсуі болмайды". Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген ҚР қаржы министрлігінің вице-министрі Дәулет Ерғожин хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 769
Фото - Caravan.kz

«Егер біз барлық мұнай өңдеу зауыттарын 1-2 тоқсан ішінде қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп, тіпті артығымен әкелетін болсақ, онда нарықтағы заңға сәйкес, баға төмен түседі», — деген пікірді қаржы вице-министрі білдірді. Оның ақпараты бойынша, ҚР ЭМРМ бекіткен жоспарға сәйкес, 2007 жылы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары «жоспардан бірнеше пайызбен артығымен қамтамасыз етілді».

«Қазір бұл көрсеткішті көтеру жөнінде мәселе қойылуда, сондықтан, мұнай өнімдері құнының өсуі күтілмейді», — деп түсіндірді вице-министр.

«Егер тиісті шаралар қолға алынатын болса, онда мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен асыра қамтамасыз ету жоспарын орындауға болады «, — деген пікірді Д. Ерғожин білдірді.

Ол атап өткеніндей, «бізде кедендік кодексте қарастырылған бірқатар кедендік режимдер бар. Егер біз, ресей кәсіпорындары үшін де барлық жағдайды жасайтын болсақ, менің пікірімше, онда Қазақстанда олар өзінің мұнайын біздегі баға бойынша өңдейтін болады «, — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті